Қайрат Боранбаев мемлекетке қанша қаражат қайтарған?

319

Бизнесменге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Қайрат Боранбаев мемлекетке қанша қаражат қайтарған? Фото: kazfootball.kz

Отандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев ел үкіметіне 134 млрд теңгеден астам қаражат қайтарған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші спикерден "Қайрат Боранбаев Қазақстан үкіметіне жалпы саны қанша қаражат қайтарды?" деп сұрады. 

"Жалпы алғанда, негізгі қылмыстық істер бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде залал өтелді. Сонымен қатар ол шамамен 120 млрд теңге көлемінде залалды өз еркімен өтеді. Барлығы 134,5 млрд теңге. Ол өтеген зала бойынша айтып отырмын. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр", - деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.

Сөзінше, Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдік бойынша әлі тергеліп жатыр. Журналистер бизнесмен бостандықта жүр ме деп сұрады. 

"Боранбаев сот шешімі аясында сотталып, жауапкершілікке тартылды. Оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын, кейін келтірілген залал көлемін толық өтегендіктен, жазасы бас бостандығын шектеуге алмастырылды", - деді агенттік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу