Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластары тағылған айыптарды мойындамады

710

Астана қаласы, Сарырарқа ауданындағы №2 сот  Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақовқа қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Бүгін кезекті сот отырысы өтті.  

Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластары тағылған айыптарды мойындамады Фото: informburo.kz

Үзіліс кезінде Қайрат Боранбаев журналистерге сұхбат беріп, тағылған айыптың өзіне түсініксіз екенін, өздерін не үшін кінәлап отырғанын түсінбейтінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "Qazaq Gaz" АҚ компаниясы өзінің барлық салықтық, құқықтық және аудиторлық қортындыларын тапсырған. Оларды "үлкен төрттікке" кіретін Ernst&Young компаниясы жүргізген. Аудиторлық тексеру барысында ешбір шығынның болмағаны анықталған. "Азия ГазЧунджа" ЖШС мен "Qazaq Gaz" АҚ арасында әдеттегі азаматтық-құқықтық келісім шарт жасалған.

"Мен тек ("АзияГазЧунджа" ЖШС) акционерімін және мені акционер ретінде қамауға алды. Біздің холдингте барлық келісім-шарттарды, барлық қаржы-шаруашылық қызметті бас директор жүргізеді. Компания газ сатып алып, "Qazaq Gaz" АҚ компаниясына сатқан, келісімшартта сауда-саттыққа баға формуласы болған. Оған сәйкес "ҚазТрансГаз" АҚ (қазір "Qazaq Gaz" АҚ) әр тоннадан 10 доллар, яғни сауда-саттық сомасынан 20 млн доллар пайда тапқан. Бұдан бөлек бұл газ көлемінің барлығы Қытайға жөнелтілді, яғни компания тағы 220 млн доллар пайда тапты", - деді Боранбаев.

Сондай-ақ, ол компания барлық тасымалдау шығындарын төлегенін айтты.

"Қазір мен осы құжаттардың барлығын зерттеп көрдім, бізде түрлі келісім-шарттар көп болғандықтан, осыған дейін әрине білмедім. Алайда, бізге бұдан басқа айып тағылмағандықтан, мен оны мұқият зерттедім. "АзияГазЧунджа" ЖШС" тасымал құны үшін ғана 125 млн төлеген. Бұл "Qazaq Gaz" АҚ ішіндегі транспорт коммпаниясының кірісі", - деді Қайрат Боранбаев.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, осы іс бойынша күдікке ілінген Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақов 2019 жылы өздерінің бақылауындағы "АзияГазЧунджа" ЖШС арқылы газ тасымалдау кезінде "Qazaq Gaz" АҚ ұлттық коммпаниясының қаржысын жымқыру схемасын жүзеге асырған. Нәтижесінде жымқырылған 14,5 млр теңгені заңды кәсіпкерлік қызметтен түскен пайда ретінде дивиденттік төлем мен бөліп беру арқылы заңдастырған.

Естеріңізге саламыз, кәсіпкер Қайрат Боранбаевты 15 наурыз күні Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстаған болатын. Ол экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның құдасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу