Қайрат Боранбаев шетелдік активтерінен 30 млрд теңге мектептер салуға жұмсалады

371

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеу комитетімен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеген. 

Қайрат Боранбаев шетелдік активтерінен 30 млрд теңге мектептер салуға жұмсалады Фото: Inbusiness.kz

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатын болады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап)", — делінген Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-арнасында.

Көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтегенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу