Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай кен орны ресми түрде ҚМГ-ға берілді

851

Акционерлер құрамының өзгергені туралы ақпарат Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында пайда болды.  

Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай кен орны ресми түрде ҚМГ-ға берілді Фото: Inbusiness.kz коллажы

Ресми мәліметке сәйкес, мәміле 2026 жылғы 29 мамырда рәсімделген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Phystech II бұрынғы мұнай компаниясы ресми түрде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бақылауына өтті.

Phystech II АҚ –  Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына иелік ететін ірі мұнай өндіруші актив.

Компания мемлекет меншігіне 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаевтың активтерді ерікті түрде қайтаруы аясында өткен болатын. Сол кезде үкімет кәсіпорынды 35 миллиард теңгеге бағалаған еді.

Бастапқыда Phystech II "Самұрық-Қазына" қорының басқаруына берілді. Кейін Үкімет кулуарында компанияны жеке инвесторға қайта сату нұсқасы талқыланды. Алайда, қорытындысында билік стратегиялық активті мемлекеттік құрылымда қалдыру және оны бейінді еншілес ұйым – "ҚазМұнайГазға" беру туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу