Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

463

Бұ туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан хабарланды.

Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

"2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты",- деп жазылған хабарламада.

Биыл 17 наурызда елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын.

Қайрат Боранбаев - белгілі қазақстандық олигарх, Қазақстандағы, Ресейдегі және Беларусьтегі McDonald's франшизасы иесі, қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу