Қайрат Боранбаевтың 35 млрд теңгелік мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті

261

Бұл туралы акционерлер тізілімінен алынған үзіндіден белгілі болды. 

Қайрат Боранбаевтың 35 млрд теңгелік мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті Фото: МК в Казахстане

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы толығымен мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Phystech II АҚ-ның 18 500 000 қарапайым акциясы бар, оның 13 749 100-і қор биржасына орналастырылған. Компанияның жалғыз акционері және компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан да көп пайыз акцияларға иелік ететін жалғыз тұлға - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті", - делінген құжатта.

Айта кетейік, компания Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндіреді және оның құны шамамен 35,5 миллиард теңгеге бағаланған.

Бұған дейін аталған компания былтыр "Қаражанбас Северный" кен орнын, "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын және "ҚазТурбоРемонт сервис орталығы" ЖШС-ін мемлекет меншігіне өткізген Қайрат Боранбаевқа тиесілі болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу