Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қайтарған активтеріне кім иелік етеді?

Сауалға бас қала әкімі жауап берді. 

Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қайтарған активтеріне кім иелік етеді? Фото: vk.com/fckairat

Елордада өткен брифингте Жеңіс Қасымбек кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған қонақ үйлерге кім иелік ететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілі әкімге "Қайрат Боранбаев тергеумен келісіп, кейбір активін мемлекетке қайтарды. Оның ішінде Астанада "Комфорт" қонақүйі мен Fitnaton фитнес орталығы бар. Осы нысандарда оңалту және білім беру орталықтары ашылуы керек еді. Оларды ашу жоспарда бар ма?" деп сұрады.

"Бұл бағытта жұмыстар басталды. Астана қаласы бойынша қонақүйді әкімдік балансына беру процесі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталғасын не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер тапшы. Бұл нысан әрі қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін", - деді елорда әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу