Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде әкімге клуб бойынша сұрақ қойылды. Алматылықтар спорттық ұйымға қолдау керек деген уәждерін айтты.
Бұл ретте шаһар басшысы "Қайрат" ФК жеке меншікте екенін және ол бойынша сот шешімі күтілетінін нақтылады.
"Олар қаланың балансына өткізгеннен кейін біз барлық мәселені шешеміз. Қазір бұл жеке клуб. Ол бізге әлі өткен жоқ. Өткізген бойда қала көмектесетін болады. Бұл сот шешім шығарсын", – деп түсіндірді Досаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу