"Қайрат" футбол клубы коммуналдық меншікке өтпейді

Егер қаржы жетіспеушілігі және басқа да мәселелер болса, бұл заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі. 

"Қайрат" футбол клубы коммуналдық меншікке өтпейді Фото: ФК «Кайрат

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" брифингте мәлімдеді.

"Қайрат" – қаланың игілігі. Елдегі ең тарихы терең футбол клубы. Әзірге клуб коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешімдер болған жоқ. Меншік иесінен өтініштер  түскен жоқ. Қала тарапынан "Қайрат" балалар-жасөспірімдер мектебін жыл сайын қаржыландырудамыз. Клуб дамуда және Қазақстан чемпионатына қатысады", – деді Досаев.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев, егер қаржы жетіспеушілігі және басқа да мәселелер болса, бұл заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу