Алматылық "Қайрат" футзал клубы бас бапкер Мауло Рикардо Какамен келісімшартты ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Айта кетерлігі, Кака 2018 жылдан бері "Қайрат" клубын баптап жүр. Бразилиялық маманның басшылығымен "Қайрат" футзалдан Қазақстан чемпионатын, Қазақстан кубогін ұтты. Сонымен қатар, қатарынан екі рет Суперкубогқа қол жеткізді. УЕФА Чемпиондар лигасының 2018/2019 маусымында күміс жүлдеге ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу