"Қайрат қарсы болды": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне арнап жазба жариялады

1222

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы ауылға салып берген балабақшаны көрсетті. 

"Қайрат қарсы болды": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне арнап жазба жариялады Фото: instagram.com/ sultankyzy

Оның айтуынша халық мекемеге "Қайрат" деген атау бергісі келгенде, жолдасы қарсы болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Кеше осы видеоны Қызылкөлдің келіні Әйгерім жіберді. Соңына дейін көріңізші, бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық атын "Қайрат" деп қоямыз дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой. Осы мекемені жылдар бойы ескіртпей, күтіп отырған меңгерушісі Нұржамал апай мен ұжымға алғысым шексіз!”, – деп жазды тележүргізуші.

Ләйлә Сұлтанқызы болашақта балаларынан үлкен үміт күтетінін айтады.

“Қазір ұлдар әкесінің әр еңбегі мен жақсылықтарынан хабардар. Ауылға да барып тұрамыз, басымыз қосылса болды, естеліктерді айтып, сырласамыз. Ендігі арманым, Сағадат пен Сардар әкесінің ізін жалғап, салиқалы азамат болып өссе деймін”, – деді тележүргізуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу