Бүгін "Астана" Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов "Jumore" компаниясының Президенті Лу Хунсянмен кездесті, деп хабарлайды АХҚО-ның баспасөз қызметі.
АХҚО үшін қытайлық әріптестердің қаржы технологиялары мен қаржы құралдары бойынша тәжірбиесі маңызды. Компания әлемнің 130-дан астам елдерімен, оның ішінде G20 елдері және "Жібек Жолының Экономикалық белдігі" бойындағы мемлекеттермен ынтымақтаса жұмыс істейді.
"Астанада құрылған Халықаралық қаржы орталығына жаңа қаржылық технологиялар мен осы аймақта жұмыс істейтін инвесторларды тарту өте маңызды", – деді Қайрат Келімбетов.
"Jumore" компаниясы президенті Лу Хунсянның айтуынша, компанияға Жібек Жолында орналасқан елдердің нарығы қызықты. "Қаржы технологиялары нарығындағы білім мен тәжірбиелерді алмасуға біз мүдделіміз", – деді "Jumore" басшысы.
АХҚО мен "Jumore" екі орталықтың 2016 жылы қол қойған меморандумы аясында бірлесіп жұмыс істейді.