Қайрат Келімбетов: Алдағы уақытта штатты кеңейту қарастырылып отырған жоқ

814

Қайрат Келімбетов: Алдағы уақытта штатты кеңейту қарастырылып отырған жоқ

АХҚО аутсорсинг орталығын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы орталық басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Қазіргі уақытта орталықтың штат саны 100 адамнан аспайды. Оның 90%-ы – ел азаматтары. Дені жастар. Олар "Болашақ" және басқа да гранттық бағдарламалар арқылы әлемнің жетекші оқу ордаларында білім алған. Орталық қызметкерлері кем дегенде ағылшын тілінде сөйлейді. Басым көпшілігі бірнеше тілде сөйлей алады, әрине. Алдағы уақытта штатты кеңейту қарастырылып отырған жоқ", – деді АХҚО басқарушысы.

Қайрат Келімбетовтың сөзінше, алдағы үш-бес жылдың ішінде қазақстандық 5 мың маманды қайта даярлаудан өткізіп, аустсоринг орталығын құру көзделіп отыр. Аустсорсингпен жұмыс істейтін бағдарлама жасаушылар Ресей мен Үндістан елінде өте көп. Дәл осындай үрдіс біздің елге де енбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу