Қайрат Келімбетов БЖЗҚ-да тексеру жүргізуді ұсынды

814

Қайрат Келімбетов БЖЗҚ-да тексеру жүргізуді ұсынды

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тексеру жүргізуді ұсынды. Бұл ұсыныс БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі қызметін қатар атқарып жүрген Келімбетов "Қаржы бостандығы" ҚҚ қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова және саясаттанушы Досым Сәтпаевпен әңгіме барысында айтылды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Сұрақтарыңыз болса, тексеру жүргізіп, ақшаның қайда жатқанын баршаға көрсетейік. Осының бәрін өз көздеріңізбен көріп, білгілеріңіз келсе, БЖЗҚ сайтында бәрі бар. Бұл ақшаңыздың қайда жатқаны туралы идеологиялық-насихаттаушы науқан. Қаражатыңыз орнында. Көңілдегі кірбің кетіп, қоғамдық және мемлекеттік қадағалау бойынша жұмысын жалғастырып жатқан құрылымдарға сенім мен қолдау қалыптасуы тиіс", — деді Қайрат Келімбетов.
Оның пікірінше, бұл жерде мәселе асыра пайдаланушылықта емес, өзара байланыстың аздығында. "Девальвация кезінде ұлттық банкте, қазіргі таңда БЖЗҚ-да көптеген ағаттығымыз бар. Ең басты қате - коммуникацияда. Негізінде, ахуал айтарлықтай жаман емес. Бүгінде ақша инвестицияланған", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу