"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ЭКСПО аймағында құрылатын биржада криптовалюталар сияқты жаңа қаржы теxнологияларын дамыту қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
"Қазіргі ЭКСПО аймағы болашақта криптоаймаққа, "криптоайлаққа" айналады деген сенім бар. Себебі, криптовалюталарға деген қызығушылық әлемде жоғары. Бүгінде бір банктер осы санаттағы валюталарды белсенді енгізіп жатса, кейбіреулеру оған асықпай отыр. Мысалы, АҚШ пен Сингапур криптовалюталар нарығын күнделікті нарыққа теңестірмек. Швейцария да осы бағытты қолдайды", – деді Қайрат Келімбетов бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Орталық басшысының айтуынша, "Астана" халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын заман талабына сай жүргізуді көздейді. Сол себепті күнделікті инвестициялармен қатар жаңа қаржы теxнологияларға да баса назар аударылады.