АХҚО аясында "британ құқығымен" жұмыс істейтін және тек ағылшын тілін пайдаланатын жеке сот пен арбитраждық орталық құрылып, 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, деп хабарлайды abctv.kz.
Қайрат Келімбетов ол сотқа тек шетелдік судьялар ғана қызметке тартылатынын жеткізді.
"Бұл ретте үміткер судья британ құқығы бойынша он-он бес жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс. Біздің мамандарда ондай тәжірибенің болуы неғайбыл. Демек судьялар шетелден шақырылады", – деді АХҚО басқарушысы.
Осы тұста аталған қаржы орталығынан басқа аумақтағы Қазақстанда сот жүйесі "континенталдық (еуропалық) құқық" жүйесінде жұмыс жасайтынын айта кеткен жөн. Унитарлы мемлекетте АҚХО-ның ағылшындық соты бұл жүйеге кереғар келмеуі үшін биыл Конституцияға өзгерістер енгізілді.