"Қайрат" футбол клубы жанкүйерлеріне матч алдында үндеу жасап, стадионға ерте келуді сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, стадион аумағына жанкүйерлер 17:45-тен бастап кіре алады. Дәл осы уақытта ойын алдындағы түрлі бағдарлама басталады.
Атап айтқанда:
- УЕФА мен клуб серіктестерінің интерактив аймақтары;
- көңілді барабаншылар шоуы;
- жанкүйерлерге арналған тегін аквагрим;
- фудкорттағы дәмді тағамдар мен сусындар;
- трибунада клуб жалаулары таратылады.
"Көрермендерден матч басталғанға дейін 3-4 сағат бұрын келуді сұраймыз. Бұл – стадионға кіреберістегі тексеріс пен бақылаудан өтуге, кезек пен ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі. Билетіңіз бен куәлік деректеріңізді алдын ала дайындап қойыңыздар", – делінген клубының ресми аккаунты таратқан хабарламада.
Айта кетейік, "Реал" мен "Қайрат" арасындағы матч бүгін сағат 21:45-те Орталық стадионда басталады.