"Қайрат" командасының құрамына қабылданды

923

"Қайрат" командасының құрамына қабылданды

"Қайрат" футбол клубы хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевичпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды команданың ресми сайты. 

Хорватиялық ойыншы соңғы маусымды ресейлік "Анжи" командасының сапында өткізген. Ресей біріншілігінің алғашқы айналымында 14 кездесуде алаңға шығып, 2 гол және 1 нәтижелі пастың авторы атанған.

"Анжи" клубының басшысы ауысып, бюджеті едәуір азайғаннан кейін хорватиялық футболшы командадан кету туралы шешім қабылдады.
Иво Иличевич неміс жерінде туып-өскенімен 2010-2013 жылдар аралығында Хорватия ұлттық құрамасының намысын қорғады. 2012 жылы өткен Еуропа чемпионатына жарақат алғанына байланысты қатыса алмаған.
Ол Ресей чемпионатына ауыспай тұрып, немістің "Гамбург", "Бохум", "Гройтер Фюрт", "Кайзерслаутерн" және "Дармштатд" командаларында доп тепкен. Жалпы алғанда немістің Бундеслигасында 134 мәрте алаңға шығып, қарсыластарының қақпасына 18 рет гол соққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу