Қайрат Қожамжаров: Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды

1083

Қайрат Қожамжаров: Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды

Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай деді.

"Әлі күнге дейін жемқор министрлер мен әкімдер шетелде тығылып жүр. Алайда бұл ұзаққа созылмайды", -  деді агенттік басшысы.

Айта кетейік 2001 жылдан бері Қазақстанда жемқорлық үшін 10 мыңнан астам адам сотталды. Олардың ішінде 2 экс-премьер, 17 төраға, министрлер мен олардың орынбасарлары, 15 облыс пен қала әкімдері, ұлттық компаниялардың 8 топ-менеджері, күш құрылымдарының 8 жетекшісі, генералдар барт бар. Бұның барлығы адамның заң алдында тең екенін, қылмысты кім жасаса да, жазадан құтыла алмайтынын көрсетеді.

Қайрат Қожамжаров, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

"Олардың барлығы 8 млрд доллардан астам қаржыны жымқырып кетті. Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бүгінде олар саяси баспананың арқасында жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ олай болмайтыны анық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу