Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қожамжаров Қайрат Пернешұлы сайланды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
"Құрметті конференцияға қатысушылар, дзюдо федерациясын басқару – мен үшін үлкен мәртебе. Маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын! Дзюдо елімізде танымал және дамыған спорт түрі екені анық. Менің кәсіби тәжірибем Қазақстан дзюдо федерациясының әрі қарай дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді Қайрат Қожамжаров.
Жиын соңында жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Бекарыс Сәдуақас пен жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко Дзюдо федерциясының президентіне құрмет ретінде кимоно сыйлады.