Қайрат Қожамжаров Тәжікстанда 5 елдің бас прокурорларымен екі жақты кездесу өткізді

909

Қазақстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары арасында 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Қайрат Қожамжаров Тәжікстанда 5 елдің бас прокурорларымен екі жақты кездесу өткізді

Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Душанбе қаласына сапары аясында Сауд Арабия Патшалығының бас прокуроры Шейх Сауд ибн Абдуллах Ал-Муаджабпен, Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Чжан Цзюньмен, Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитовпен, Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонмен, Өзбекстанның бас прокуроры Отарбек Муродовпен екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қадағалау ведомстволарының басшылары халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды беру және өзара әрекет етудің басқа да өзекті сұрақтарын талқылады.  

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары арасында 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Қайрат Қожамжаров шетелдік әріптестеріне Қазақстанда қылмыстық процесс саласындағы реформалар, түрмедегі адамдарды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру туралы ақпарат берді, сондай-ақ екі жақты қатынастарды кеңейту және тереңдетуге дайын екендігі туралы айтты.

Кездесулер нәтижесінде тараптар тәжірибе алмасу және конструктивті өзара әрекет ету бойынша белсенді шараларды жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу