Қайрат Құдайберген "Amanat" партиясының тізімінен шығарылды

589

Партия Алматы мәслихатының депутаттарына ротация жүргізіп, 9 депутатқа жаңа мандаттар берді.

Қайрат Құдайберген "Amanat" партиясының тізімінен шығарылды

"Amanat" партиясы өз қатарынан Қайрат Құдайбергенді шығарып, оны Алматы мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырды, деп жазады inbusiness.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз хабарламасына көрсетілгендей, бұл ротация (алмастыру) мандаттарды қайта бөлу мен партия құрамынан Қайрат Құдайбергенді шығару есебінен болған.  

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген 23 сәуірде қылмыс әлемінде танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу үшін адамдар жинауды ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынған.
  
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар жинаған топ алаңға шығып, митингке қатысушыларды Жұмагелдиев айналасында біріктіруге әрекеттенген. Осылайша, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға, билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу