Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"4 қыркүйекте қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгісіз, яғни белгіленген жоқ", деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінен.