Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 қыркүйекке дейін ұзартылды

400

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 қыркүйекке дейін ұзартылды Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін",  делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 24 сәуірінде сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу