Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды

285

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды Фото: Самұрық Энерго

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу