"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, кадрлық шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын іске асыру қарқынының төмендеуіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу және пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын бақылаудың жеткіліксіздігіне байланысты қабылданған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу