Қайрат Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастық президентімен кездесті

1981

Тараптар биылғы жылғы қыркүйекте Астанада Халықаралық судьялар қауымдастығы (ХСҚ) мен сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (СӘжХҚ) бірлескен форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады.

Қайрат Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастық президентімен кездесті

16 қаңтарда Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президенті Марк Биир мырзаны қабылдады.

Қазақстандық тараптан кездесуге АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов те қатысты.

Кездесу барысында Конституциялық кеңестің төрағасы шетелдік қонақты Конституциялық кеңестің негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметімен, сондай-ақ 2017 жылы Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаның негізгі, оның ішінде АХҚО-дағы ерекше құқықтық режимге қатысты бағыттарымен таныстырды.

Бұдан басқа, тараптар биылғы жылғы қыркүйекте Астанада Халықаралық судьялар қауымдастығы (ХСҚ) мен Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (СӘжХҚ) бірлескен форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан судьялар одағы ХСҚ-қа 2004 жылы экстраординарлық мүше ретінде кірді, ал 2011 жылы осы беделді халықаралық құрылымның толыққанды мүшесі болды. 2016 жылдан бастап Қазақстан СӘжХҚ жұмысына қатысады.

Шетелдік қонақ ұлттық сот жүйелерінің алдында тұрған жалпы міндеттерді шешу үшін халықаралық сот қауымдастығын шоғырландыруға бағытталған СӘжХҚ-ның қызметі туралы хабардар етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу