Қайрат Нұрдәулетов футболдан жастар командасының аға бапкері атанды

957

Футболдан Қазақстан жастар командасының аға бапкері тағайындалды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.   

Қайрат Нұрдәулетов футболдан жастар командасының аға бапкері атанды

Жаңа іріктеу кезеңінде жас футболшылар Қайрат Нұрдәулетовтің жетекшілігімен сынға түседі. 

Қайрат Нұрдәулетов 2003-2013 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады. Ол бас команда сапында 35 кездесу өткізіп, капитандық міндетті де атқарған. 

Соңғы жылдары Қазақстан футбол федерациясында жастар командасы аға бапкерінің көмекшісі ретінде қызмет етті. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу