Қайрат Нұртай "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкіл болып тағайындалды

915

Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды.

Қайрат Нұртай "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкіл болып тағайындалды

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған Ақорда сайтында

Қайрат Нұртай 1982 жылы дүниеге келген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Энергетика министрлігінде жұмыс істеген, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу