Қайрат Нұртас сотталды

6609

Ол 15 тәулікке қамауға алынды. 

Қайрат Нұртас сотталды Фото: instagram/kairatnurtas

Қайрат Нұртасқа қатысты іс бойынша екі жақтың татуласына байланысты іс жүргізу тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады. Судья әншіні 15 тәулікке қамау туралы сот үкім шығарды.

Қайрат Нұртас судьядан алдағы күндері өзінің гастрольдік жоспары бар екенін айтып, қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Алайда прокурор Қайрат Нұртасты ұшақтағы оқиға үшін 15 тәулікке қамауға алуды талап етті.

Сағат 14:30-да сот үкімімен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды. 

Айта кетейік, сотта Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы ұшақтағы төбелестің мән-жайы анықталды. Әртіс өз кінәсін мойындады. Дегенмен төбелесті өзі бастамағанын айтып ақталды. Жәбірленушінің айтуынша, олар татуласқан және әншіге мүлдем шағымы жоқ екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу