Қайрат Нұртасқа қайта үкім шықты

24592

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайрат Нұртасқа қайта үкім шықты Фото: instagram/kairatnurtas

15 күнге қамауға алынған Қайрат Нұртасқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана соты бұрын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ісін апелляциялық тәртіппен қарады. Ол басқа адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқан.

Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу