"Қайрат Нұртастың әндері онша ұнай бермейді. Бірақ оның анасы мықты PR-щик..."

801

Халық арасында танымал болу үшін көптеген әнші, жұлдыздар, тіпті саясаткерлер PR технологияларын пайдаланады. 

"Қайрат Нұртастың әндері онша ұнай бермейді. Бірақ оның анасы мықты PR-щик..." Фото: Коллаж: inbusiness.kz

"Қайрат Нұртастың әндері онша ұнай бермейді. Бірақ оның анасы мықты PR-щик", дейді Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментінің директоры Айбек Смадияров. Бұл туралы медиа сарапшы, PR маман Ақсұлу Саңғалидың ашқан жаңа подкасында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат Нұртасты тығылып тыңдайтындар бар", - деп қосты ол PR және медиаға қатысты подкаст барысында.

Айта кету керек, халық арасында танымал болу үшін көптеген әнші, жұлдыздар, тіпті саясаткерлер PR технологияларын пайдаланады. Оны жарнама, маркетинг, журналистерге сұхбат берудің жүйесі ретінде көретіндер бар. 

Бұл ретте, осы саланың Қазақстандағы майталман мамандары жиналып, пиардағы мәселелерді талқылаған болатын. Сөз барысында олар бірауыздан әнші Қайрат Нұртастың анасын мықты пиарщик деп мойындады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу