Тағы да! Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

10870

Бұл туралы танымал журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тағы да! Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін Фото: ашық дереккөз

Әнші Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта жанжал шығарған. Салдарынан жолаушы зардап шеккен.

Ұшақ командирі оқиға орнына полиция шақыруға мәжбүр болыпты.

"Алматы-Астана" бағытындағы ұшақта ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды", – делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Журналисттің жазуынша, сотқа дейінгі тергеу басталған. Оған қатысты қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

"Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі ("Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті", – делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.

Ол бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу