"Қайрат" – "Олимпиакос": Маңызды матчтың билеттері сатылымға шықты

Бұл туралы "Қайрат" футбол клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жария етті.

"Қайрат" – "Олимпиакос": Маңызды матчтың билеттері сатылымға шықты Фото: Қайрат ФК

Жауапты ойын 9 желтоқсан күні сағат 20:30-да басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің кезекті кездесуі "Астана Арена" стадионында өтеді. Оған – Алматы қаласындағы күн райының суықтығы әрі Орталық стадионның шатыры жабылмайтыны себеп.  

Бұл ойында алматылық "Қайрат" футбол клубы Грекияның "Олимпиакос" командасын қабылдамақ. Клуб мәліметінше, билет бағасы 15 000 теңге мен 50 000 теңге аралығында сатылады. 

– Билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында бар.
Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады, – деп жазылған "Қайрат" клубы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу