Қайрат Омаров халықаралық ұйым өкілдеріне сенім грамотасын тапсырды

822

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.  

Қайрат Омаров халықаралық ұйым өкілдеріне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербоға өзінің сенім құжаттарын табыстады.

АЭХА басшысы Р.Гросси еліміздің ядролық қаруды таратпау мәселелеріне өз аумағында бірегей АЭХА Төмен байытылған уран банкін орналастыру арқылы қосқан тарихи үлесін атап өтті. Агенттік өз тарапынан Қазақстанда медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен өндірістің басқа салаларында озық ядролық технологияларды тиімді енгізуге атсалысуға дайын екенін білдірді.

ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Л.Зербо еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық күш-жігерін мойындай отырып, осыған байланысты Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Финляндияның бұрынғы президенті Тарья Халоненмен бірге "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпиондар" жоғары атағын беруін тағы да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу