"Қайрат" өз алаңында 1:5 есебімен "Панатинаикосқа" есе жіберді

169

УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда Алматының "Қайрат" клубы Грекияның "Панатинаикос" командасынан 1:5 есебімен жеңілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" өз алаңында 1:5 есебімен "Панатинаикосқа" есе жіберді Фото: "Қайрат" ФК

Кездесуде қонақтар сапынан Висенте Таборда 6-минутта есеп ашты. Ал 24-минутта Сирил Дессерс пенальтиден гол соқты. Екінші таймда Сирил Дессерс тағы бір гол соғып, Кингз Кангва мен Эльмин Растодер де қарсылас қақпасын дәл көздеді.

"Қайрат" сапынан Исмаил Бекболат 79-минутта бір гол соқты.

Алматылық клуб келесі кездесуін 5 қарашада Италияның "Аталанта" командасына қарсы сырт алаңда өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу