"Қайрат" – "Реал" матчы: Алматыға 4,8 млрд теңгеге дейін табыс түсуі мүмкін

1010

Алматы қалалық туризм басқармасының есебінше, матчты тамашалауға 4-5 мыңға жуық шетелдік қонақ келеді.    

"Қайрат" – "Реал" матчы: Алматыға 4,8 млрд теңгеге дейін табыс түсуі мүмкін Фото: t.me/fc_kairat

Алматыға 30 қыркүйекте өтетін Чемпиондар лигасының "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынын тамашалау үшін мыңдаған шетелдік жанкүйер келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Mastercard төлем жүйесінің мәліметінше, туристер Алматыда орта есеппен 3,5 күн болады және тәулігіне шамамен 441 доллар жұмсайды.

Осыдан қалаға түсетін кіріс мөлшерін шамалауға болады:

  • тәулігіне: 1,76–2,2 млн доллар (≈ 541,01 тг/$ бағамы бойынша 952,2 млн – 1,2 млрд тг);
  • төрт күнге: 7–8,8 млн доллар (≈ 3,8–4,76 млрд тг).

ЧЛ негізгі кезеңі аясында Алматыда еуропалық клубтармен тағы үш матч өтеді – "Брюгге", "Олимпиакос" және "Пафос". Билік әр ойында кемінде 1000 шетелдік көрермен болады деп болжайды.

Стадионнан басқа, туристердің шығындары қонақ үй мен тұрғын үйді жалға алуға, көлікке, тамақтануға, ойын-сауықтарға және сервистерге жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу