Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты басқа да эпизодтар тергеледі

646

Биыл қыркүйек айында Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды. Тергеу амалдары аяқталып, шешім шығарылғанымен іске қатысты басқа да деректер анықталған. 

Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты басқа да эпизодтар тергеледі Фото: malim.kz

Сондықтан Қайрат Сатыбалдыға қатысты ісі бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Басты іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, шешім шығарылды. Енді, ары қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі", - деді Ұ. Сарқұлов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар Ұлан Сарқұлов Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкімде қамтылған деректерден бөлек, қазір басқа эпизодтар тергеліп жатқанын нақтылады.

Оның айтуынша, барлық істер бойынша активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Қылмыстық істер прокуратура бақылауында.

"Тергеу барысында кейбір дүниелерді құпияда ұстау керек екенін түсінгендеріңіз жөн. Егер барлық деректерді ашық жарияласақ, тергеуге кедергі келтіруіміз мүмкін", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу