Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 120 миллион доллар қайтарды

680

Бұл қаражат мемлекетке келтірілген зиянды өтеу үшін республикалық бюджетке жіберілді. 

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 120 миллион доллар қайтарды Фото: kapital.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары аясында, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару шараларын қабылдауда. Соның ішінде, қаражат және басқа да мүліктер қылмыстық жолмен алынған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Тек желтоқсан айының өзінде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 миллион АҚШ долларын құрайтын, яғни 55,4 миллиард теңгеден асатын қаражаты қайтарылды.

Осылайша, жалпы алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі соңғы 2 жылда квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін 912 миллиард теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен қаражатты бюджетке қайтаруды қамтамасыз етті.

Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, акциялар мен компаниялардың қатысу үлестері, темір жолдар мен қаражат және тағы басқа шетелден әкелінген заттар кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу