Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатылмайтын болды

559

Сот оның өтінішін қанағаттандырмады.

Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатылмайтын болды Фото: dauletten.kz

Шығыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, мұны қанағаттандырмай тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот сотталушының тәртіп бұзушылығы мен тұрақсыз мінез-құлқы бар екенін, сондықтан бұл өтінішті қабылдау тым ерте екенін жеткізді. 

"Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз", - делінген сот хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу