Қайрат Сатыбалды сырттан қанша активін елге қайтарғаны белгілі болды

609

Өткен жылдан бастап Қазақстанға 857 млрд теңгенің активі елге қайтарылған.

Қайрат Сатыбалды сырттан қанша активін елге қайтарғаны белгілі болды Фото: ulttyqsport.kz

Антикордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Қанат Сүлейменов AMANAT партиясында өткен баспасөз мәслихатында Қайрат Сатыбалды сырттағы 300 млн доллар активін елге қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Zakon.kz-тің жазуынша, сыртқа заңсыз жылыстатылған активтерді қайтару бойынша жұмыстар өз жалғастығын табуда. Өткен жылдан бастап Қазақстанға 857 млрд теңгенің активі елге қайтарылды.

"Олардың арасында Қайрат Сатыбалдының қайтарған қаражаты да бар. Бұл - шамамен 300 миллион доллар", – деді Қанат Сүлейменов.

Бұл ретте заңсыз активтерін өз еркімен қайтарған өзге адамдардың аты-жөні жария етілмеді.

2022 жылы 13 наурызда Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын мәлімдеді. 2022 жылдың 26 қыркүйегінде ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу