Қайрат Сатыбалдының активтері мемлекетке қайтарылды

1149

Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қайрат Сатыбалдының активтері мемлекетке қайтарылды Фото: adyrna.kz

LS басылымының мәліметінше, "Қазақтелекомның" 3 084 893 жай акциясы республикалық меншікке қабылданған. Оның ішінде Skyline Investment Company S.A-дан 2 671 481 жай акция (24,95 пайыз) – Сатыбалданың жалғыз акционері (құжаттарда Сатыбалдулы деп көрсетілген), Alatau Capital Invest-тен – 413 412 жай акция (3,8 пайыз).

Ведомствода қосылған бұл құжаттар пакеті бағалаудан кейін Үкімет қаулысымен "Самұрық-Қазына" қорының орналастырылған акциялары үшін төлем ретінде аударылады.

2022 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдының мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан және ҰҚК генерал-майоры шенінен айрылып, 10 жыл мемлекеттік қызметке тұруға тыйым салу арқылы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Наурыз айында қамауға алынған болатын.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тамыз айында сот алдында "тергеу барысында сотталушылардың заңсыз иемденген мүлкі мен жалпы сомасы 500 млн доллардан астам қаражаты мемлекетке қайтарылғанын" хабарлады. Сондай-ақ Сатыбалдыға қатысты "салық және кедендік төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша" істер қосымша тексеріліп жатқаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу