Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр

677

Қосымша тергеліп жатқа қылмыстық істер бар.

Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр

Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қайрат Сатыбалдыға ҚР Қылмыстық кодексінің "Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру" және "Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру" баптары бойынша айып тағылып отыр.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айының ортасында "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды, аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейіннен бұрынғы әйелі Гүлмира екеуі "бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу" фактісі бойынша күдікке ілінді.

Тергеу барысында 240 млрд теңгеден асатын немесе $500 млн астам ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды.

Осы уақыт ішінде Қайрат Сатыбалды сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұдан бөлек еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалды қатысты салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатқанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу