Қайрат Сатыбалдының қайтарылған активтердің жалпы соммасы 850 млрд теңгеден асады – Антикор

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісіне қатысты тағы бір іс сотқа келіп түсті. 

Қайрат Сатыбалдының қайтарылған активтердің жалпы соммасы 850 млрд теңгеден асады – Антикор  Фото: inbusiness.kz

Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Бұл туралы 2024 жылдың 10 қаңтарында Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайрат Сатыбалды Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа шетелден түрлі мүлік сатып алған. Қаржыны Қазақстандағы және шетелдегі банктерге орналастырған", – деп түсіндірді Тілеукенов.

Қазір, іс сотқа өтті. Сондай-ақ, салықты төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Тілеукенов Қайрат Сатыбалдыға тиісті болған активтердің елге қайтарылып жатқанын атап өтті.

"Осы азаматтың (Қайрат Сатыбалды) қамауға алынған барлық активтері мемлекетке қайтарылады. Қазірге дейін қайтарылған активтердің жалпы соммасы 850 млрд теңгеден асады", – деп қосты Тілеукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу