Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі ұсталды

961

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі ұсталды

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. А.ж. 16 наурызда Г. Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деп жазылған антикор хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу