Алматыдағы Орталық стадионда жергілікті "Қайрат" пен көкшетаулық "Оқжетпес" арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Көрерменсіз өткен кездесу "Қайрат" футболшыларының 3:1 жеңісімен аяқталды. Алматылық команда құрамында Абат Айымбетов (47-ші және 63-ші минуттар) дубль авторы атанды. Бір голды Небойша Косович (78-минутта) соқты. "Оқжетпес" сапында Дарко Зорич мергендік танытты (73-минут).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу