Бүгін исламтанушы ғалым, PhD докторы Қайрат Жолдыбайұлы "Нұр-Мүбəрак" университеті жанындағы мешітке бас имамдық қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды islam.kz.
Осыған дейін ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген Қайрат Жолдыбайұлы жаңа қызметі туралы: "Қазіргі таңда Құранға қатысты іргелі еңбектер жазудың дайындығына кірісіп кеттім. Мені танитын көпшілік жамағат мешітте де уағыз айтып, дәріс беруімді өтініп жүр. Сондықтан ғылыми жұмыстарыма кедергі келтірмейтін шағын, оңашалау мешіт имамдығын қатар алып жүруді де жоспарлап отырмын", – деді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу