Алматылық "Қайрат" командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық команда бұл турнирді бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Олар UEFA-ның клубтық коэффициенті бойынша 11.000 баллмен "еленгендер" санатына жатқызылды.
Нәтижесінде алматылық клуб Еуропаның әлсіз командасының бірімен шеберлік байқасады.
"Қайраттың" ықтимал қарсыластары қатарында "Интер Клуб д’Эскальдес" (Андорра), "Левски" (Болгария), "Арарат-Армения" (Армения), "Сабах" (Әзербайжан), "Жальгирис" (Литва), "Сутьеска" (Черногория), "ЭТО Дьёр" (Венгрия), "Иберия 1999" (Грузия), "Эгнатия" (Албания), "Флориана" (Мальта), "Тре Фиори" (Сан-Марино), "Вардар" (Солтүстік Македония), "Атерт Биссен" (Люксембург), "Витебск" (Беларусь) командалары бар.
Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7-8, 14-15 шілде күндеріне белгіленген.