Қайсанов олимпиада жолдамасын жеңіп алды

1011

Бүгін кешкі сессияда өтетін кіші финалда Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевке қарсы кілемге шығады. 

Қайсанов олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар тағы бір жолдамаға қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

74 келіде белдескен Данияр Қайсанов кеше өткен ширек финалдық бәсекеде әлем үздігі, италиялық Франк Чемизодан ұтылған болатын. Чемизо өз кезегінде финалға жолдама алып, Қайсановқа жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілді.

Бүгін өткен жұбаныш бәсекесінде Данияр Оңтүстік Корея өкілі Ли Сын-Чхольді 6:0 есебімен ұтып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу