Енді бұл команда келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсететін болады.
"Астана Аренада" өткен Қазақстан кубогінің финалында алғаш болып "Атырау" командасы гол салды. Польшалық шабуылшы Петр Гжелчак ойынның 67-минутында есеп ашты. Алайда, ойынның соңғы минутында алаңға алмасып енген Игорь Зенькович таразы басын теңестіріп кетті. Ойын тең аяқталып, төреші 15 минуттық екі экстра-тайм қосты. Сол экстра-таймның ең соңғы секундында "Қайсар" капитаны Думан Нәрзілдаев керемет соққымен есепті 2:1 қылды. "Қайсар" – Қазақстан кубогінің жеңімпазы. Енді бұл команда келер маусымда Еуропа лигасына қатысатын болады.
Ермұхамед Мәулен
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу